Суреттер сөйледі ме?
АҢСАҒАН МҰСТАФА
- 1979 жылы 12 қыркүйекте, Атырау облысы Миялы ауылында дүниеге келген.
- 1997 жылы Алматы қаласының сурет колледжін бітіріп, Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясының графикалық дизайн бөлімінің студенті атанып, академия қабырғасында А.Дүзелханов, А.Омаров, М. Қыдырбаевтардан дәріс алған.
- 1991 жылдан бастап «Ақ босаға» газетінде көркемдеуші редактор қызметін атқарып келеді.
- ...
- 2014 жылдың 14-қазанында «Сөйле, сурет» атты көрмесі ашылды :)
Бүгін көптен күткен Аңсаған Мұстафаның көрмесі «Сөйле, сурет» көрмесі ашылды.
Көрмеге бүгінгі күні тек қазақстандықтардың арасында ғана емес шетелдіктерге де танымал болып үлгерген әлеуметтік тақырыптардағы Аңсаған Құрманғазықызының 50-ге жуық суреттері қойылды.
Суретшінің айтуы бойынша ол өз суреттерінде жастарға тәлім тәрбиені заманауи және әркімге бірден түсінікті инфографика тәсілін пайдалана отырып жеткізуді көздеген. Сол үшін де тәрбиелік мәні зор әлеуметтік көрмені жастардың қалың тоғысу орны, Астананың қара шаңырағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде өткізуді жөн көрген болатын.
Бүгін күні бойын әлеуметтік желілерден де, ақпараттық агенттіктер мен газет-журнал, теле-радиолардан да Аңсағанның көрмесінен түрлі жазба, фоторепортаж, жаңалықтарды тамашалап жатқан боларсыздар. Ал мен бұл постымда Аңсағанның «Сөйле, сурет» көрмесі негізгі аудиториясына жетті ме, олар суреттерден қандай әсер алғандарын суретпен көрсетпекпін.
Ал ендеше көрейік, суреттер сөйледі ме?
Көрме қазан айының 25-жұлдызына дейін, Еуразия Ұлттық университетінің бас ғимаратында өтеді.
P.S. Менің фотоаппаратыма ілінген жастардың түрі осы ^_^